Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елімізде қазақ тілін білетін тұрғындардың үлесі 82 проценттен асты

Оның айтуынша, үш тілді меңгерген халықтың үлесі де жақсарып келеді. Ересек тұрғындар мен 12-17 жас аралығындағы оқушыларды қоса алғанда үш тілді меңгергендердің үлесі 20,5 процентке жеткен.

“Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру мақсатында өткен жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсініктік туралы келісімге қол қойылды. Жоба аясында орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілді оқыту курсына үш жүз адам қатысты. Биылғы жылы бұл дәстүр жалғасын тауып, қазақ және ағылшын тіліндегі курстарға қатысатын мемлекеттік қызметшілердің қатары екі есе артады”, — деді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, республикада 87 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз