Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде қанша адам әлеуметтік желіде отырады?

«Менің ойымша, азаматтық қоғамға деген көзқараста белгілі бір қалыптасып қалған қасаң пайым бар. Билік тарапынан жиі айтылып жүргендей, азаматтық қоғам көп жағдайда протест ретінде қабылданады. Екіншіден, көптеген адамдар азаматтық алаңға – үкіметтік емес ұйым алаңы ретінде қарайды. Бірақ, менің ойымша азаматтық қоғам соңғы жылдары өте қарқынды түрде өсіп келеді. Азаматтардың талаптары мен шағымдары протестті формат ретінде қабылданбауы тиіс. Ол талаптар қандай саланы қамтыса да азаматтардың заңды құқықтарын талап етуі ретінде қабылдануы керек», – деді Дархан Кәлетаев.

Министрдің айтуынша, қоғам басым жағдайда азаматтардың заңды құқығының қорғалуын сұрайды.

«Әлбетте, әлеуметтік желілер бүгінгі қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда әртүрлі есеп бойынша 4 млн адам әлеуметтік желіде отырады. Әлеуметтік желіде отырған азаматтардың көбі белсенді. Бәлкім, белгілі бір өзекті мәселеге байланысты пікір қалдырушылардың саны көп болмауы мүмкін. Бірақ, 4 млн адамның әлеуметтік желіде өзара пікір алмасуы қоғам үшін де, билік үшін де сигнал деп айтар едім. Билік осы көрсеткішті назарға алып, соған сай жұмыс жүргізуі керек», – деді министр.

Бұл ретте Дархан Кәлетаев әлеуметтік желілер тұрғысынан Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қарқынды жұмыс жүргізіп отырғанын, министр Дәурен Абаевтың өзі де әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы екенін айтып өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз