Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елімізде биылғы жылға дәрілік заттарды жеткізу аяқталды

2016 жылы «СК-Фармация» ЖШС-і еліміздің 1115 денсаулық сақтау ұйымдарына барлығы 114 млрд. сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 958 атауын жеткізді. Оның ішінде: отандық өндірушілерден, соның ішінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша- 25,2 млрд. теңгеге; тікелей шарттар бойынша шетелдік өндірушілерден аналогы жоқ препараттарды — 16,7 млрд. теңгеге; тендер шеңберінде 71,9 млрд. теңгеге сатып алынды.

Сондай ақ, мемлекет бюджетінің 5,4 млрд.теңгесі үнемделді. Бірыңғай дистрибютердің  7 жылдық қызметі барысында жалпы үнем — 41,9 млрд. теңгені құрады.

«СК-Фармация» ЖШС-ның тарихында тұңғыш рет 2017 жылдың тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердің 90 пайыз бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жеткізілімін осы жылдың желтоқсанында жүзеге асыруға дайын.

Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканың жаңа әдістері енгізілді. Оның негізгі ерекшелігі – медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдың 15-не дейін жүзеге асыру.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз