2021 жылдан бастап Қазақстанда жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруден бас тарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Ерлан Сағадиев мәлім етті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
– Бұл өз кезегінде білім сапасы үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыра түседі, – деп түсіндірді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, мемлекет халықты мемлекеттік қызметтермен толықтай қамтамасыз еткенде, сыбайлас жемқорлықпен күрес тиімділігінің нәтижесі байқалады. Сонымен қатар, реттеу шараларында мемлекеттің рөлі төмендеп, нарықтық тетік күшейеді және шешімдердің транспаренттілігі қамтамасыз етіледі.