Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Елімізде 337 мың теңге зейнетақы алатындар бар

124

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бойыңда  қуат, қолыңда  күш бар кезде ертеңіне қаражат жинай білген адамның зейнетақысы да қомақты болатынын бүгін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеткізді.  Мәселен, елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 15 273 теңге. Орташа төлем – 20 179 теңге.

Ең қызығы, Қазақстанда 337 059 теңге алатын зейнеткерлер бар екен. Қордағылар бұл ең жоғарғы әрі рекордық зейнетақы мөлшері екенін айтады. Сондай-ақ, ұйым басшылары осы мекемеге қатысты жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген адамдар заң алдында жауап береді дейді.

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инфляцияға байланысты салымшыларға 150 мың теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жағдайдың жиілеп кетуіне байланысты, қор тиісті шараларды атқарып жатыр. Осындай жалған ақпаратқа сенбеңіздер”, деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымының орынбасары.

Теңгенің құбылуы мен инфляция деңгейіне қарамастан, қазір қордың қоржынында біз бен сіздің табысымыздан ұсталатын міндетті жарна жинақталып, қомақты қаражат болған. Яғни, бір жыл ішінде 340 мыңға жуық зейнетақы шоты ашылып, актив қоры 8 трлн 900 млрд теңгеге жетіпті. Сөйтіп, жыл басынан бергі өсім 17 пайыз болған. Осы орайда, қор басшылары комиссиялық сыйақыны азайту үшін штатты қысқартып, жаңа форматта жұмыс істеуге көштік деп отыр.

“Биыл Ұлттық банктің қаулысымен инвестициялық табыстың 5 пайызы және зейнетақы активтерінің 0,025 пайызы қордағы қызметкерлердің жалақысы, банктерге төленетін комиссия, кеңсе жалдау секілді шығындарға жұмсалады. Біз тиімсіз шығындарды қысқартып, көрсетілетін қызметтердің түрін электрондық форматқа ауыстырдық”, деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымының орынбасары.

Сондықтан зейнетақы қорының басшылары табан ақы, маңдай теріңізбен тапқан табысыңыздан ұсталатын міндетті төлемдердің жағдайына еш алаңдамауға шақырды. Тек бейнеттің зейнетін көру үшін ай сайын қорға аударылатын қаражатыңызды бақылап отырсаңыз болғаны.  Иә, бұл сауалды біз де зейнетақы қорындағыларға қойған едік. Алайда, олар мұндай қомақты зейнетақы алатын адамдардың құпия түрінде қалғанын жөн тауыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз