Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елімізде 232 жаңа мектеп салынып жатыр

Аталған ұлттық жоба аясында жалпы 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде бой көтеруде. Жаңа форматтағы мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді: олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төртке дейін спорт залы қарастырылған.

Сонымен қатар шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп жаңғыртылуда. Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары, жиһаздар жаңарту, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жаңғырту қарастырылған. Бұл өз кезегінде еліміздің барлық өңірлерінде балаларға жайлы және қауіпсіз білім алу жағдайын қамтамасыз етеді.

Келесі кезеңде мектептердің инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Президенттің тапсырмасына сәйкес мектептерді реновациялаудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылып, терезелер ауыстырылуда, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізу, аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылуда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз