Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Электронды темекінің жарылуы: Қазақстан темекі тарту құрылғылары сапасын реттемейді

155

1 ақпанда Макс против есімді қазақстандық блогер өзінің жаңа электронды темекісі алғашқы қуаттау кезінде жарылып кеткенін айтты.

“Электронды темекіні сынап көрмек ниетпен интернет арқылы тапсырыс бердім… қуаттауға қойдым. Нашар ағылшыныммен, әсіресе осы құрылғының туған қытай тілінде темекіні қанша қуаттау керегін дұрыс ұқпадым. Бір-екі сағат жетер деп дүкенге шығып кеттім.

Үйге келсем күйген пластиктің иісі шығып тұрды. Жаңа электронды темекім жарылып кеткен екен.

Мен интернет-дүкенді табуға тырыстым, бірақ ондаған жарнаманың арасынан жоғалып кетті. Денсаулығыма қауіп төніп тұрғаны белгілі болды, өндірушілердің ресми кеңсесі мен қызмет көрсететін нақты жері болмаса онда бұл үлкен мәселе”.

Тұтынушы дауыс береді

Мемлекет әрдайым бәрін бақылап, реттеп отыруға тырысатынын ескерсек, Қазақстанда электронды темекі тарту девайстары қалай назардан тыс қалғанын түсінгіміз келді. Сарапшылардың айтуынша, бұл мәселе барына кем дегенде төрт жыл болды, ал салалық министрліктер шаралар қабылдауға асықпайды.

— Қазақстанда шығу тегі күмәнді электронды сигареттерді сатып алу жағдайлары бірлі-жарым емес, – дейді “Аман-Саулық” қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. – Біздің қор 2016 жылдың соңында Алматыда темекі шегушілер мен құрамында никотин бар өнімдерді сатушылар арасында әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Аноним сауалнама арқылы біз 900-ге жуық адамнан жауап алдық. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі қарапайым темекіні ғана емес, сонымен қатар никотині бар балама өнімдерді — кальян, электронды темекі, түтікшелерді де тұтынатындығын айтты.

Сонымен қатар, тұтынушылардың үштен бірі электронды темекінің денсаулыққа зияны айтарлықтай аз екеніне сенімді болды

Ал кейбір бөлігі электронды темекіге көшу жаман әдеттен арылуға көмектеседі деп санайды.

Айтпақшы, сауалнама барысында бізді никотинді тұтынудың балама тәсілдеріне қатысты қоғамдық пікір ғана емес, сонымен қатар темекі және никотин бар өнімдерге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселесі де қызықтырды.

Нәтижесі бізді қатты таңғалдырды:

темекі қыздыруға арналған құрылғылар сатылатын бірде-бір дүкенде өнімге сәйкестік сертификаты жоқ

Себебі республикада техникалық регламент және электронды темекіні міндетті сертификаттау жоқ. Содан бері төрт жыл өтті, бірақ жағдай өзгерген жоқ. Сонымен қатар, электронды сигареттер темекі өнімдерімен теңестіріліп, оларды қоғамдық орындарда шегуге тыйым салды.

Министрліктің мұнымен ісі жоқ

— Электронды темекі де денсаулыққа зиян болғандықтан сондай заң шығарды ғой?

– Озық жапондар темекінің жануы мен бықсуын болдырмайтын темекі қыздыру құрылғыларын ойлап табу темекі шегудің салдарымен күрестегі нағыз серпіліс болғанын ғылыми жолмен дәлелдеді.

Никотині бар өнімдерді өндірушілер тұтынушылардың мүмкіндігінше ұзақ өмір сүруіне мүдделі екенін айқын көрсетеді. Мұны темекі өндірісінің эволюциясы деуге болады.

Сондықтан қағазға оралған темекі біртіндеп темекіге айналды. Содан кейін сүзгісі бар темекі пайда болды. Бірақ бұл жеткіліксіз болды, өйткені өндіруші сол кездегі негізгі мәселені шеше алмады — канцерогенді шайыр тудыратын жану процесін болдырмады.

Енді стандартты темекі электронды түрге ауыстырылды. Бұл өнімге сұраныс болғандықтан, оған мемлекеттік бақылау болуы керек. Жылдар бойы денсаулық туралы кодекске түзетулер енгізу бойынша отырыстарда мен денсаулық сақтау министрлігіне тұтынушыны қорғау керек деп айтып келемін.

Дәрігерлер темекі шегу проблемасының медициналық компонентін басқаларға қарағанда жақсы түсінетіндіктен, бастаманы солардан күтеді

Ғылым бір орында тұрмайды, біз оған ілесе отырып, өнертабыстарын қабылдауымыз керек. Бұл өнімдерге тыйым салынбағандықтан адамдар оны бәрібір тұтынатын болады. Халық аз зиян келтіретін өнімдерге кеңінен қол жеткізе алуы керек. Тұтынушылардың табиғи таңдауына шенеуніктер неге қарсы, бұл жағы маған түсініксіз. Бұл нарық үшін күрес болуы мүмкін, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі тек ғылым мен медицина тұрғысынан әрекет етуі керек.

Талаптар жоқ

Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобы басшысының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева қазақстандықтар арасында сұранысқа ие темекі шегетін девайстарға мемлекеттік бақылаудың болмауы үлкен кемшілік деп санайды.

— Соңғы кездері электронды темекі айналымын мемлекеттік бақылау туралы мәселе жиі көтеріліп жатыр. Себебі бақылау жоқ. Сондықтан тұтынушы пайдалануға қауіпсіз, сапалы құрылғы сатып алатынына кепілдік жоқ. Техникалық регламенттің болмауына не себеп?

– Қазақстан мүшесі болып табылатын ЕАЭО шеңберінде құрамында никотин бар өнімдерге қатысты техникалық регламент әзірлеу жоспарланған, оған қыздырылатын темекі өнімдері де кіреді.

Техникалық регламенттер өнім қауіпсіздігі бойынша өндірушілерге, импорттаушыларға және сауда ұйымдарына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды

Техрегламенттің болмауына байланысты сертификат бере алмайтынымыз рас. Техрегламентке қандай өнім кіреді, сол өнімге қауіпсіздік жөніндегі сертификация жүргізіледі.

Құрамында никотин бар өнім ЕАЭО елдеріне әкелінетіндіктен, техникалық регламент қажет. Мұндай жұмыс жүргізілуде, бірақ біз қалағандай белсенді емес.

Тұтынушылар лигасы да, тұтынушылардың өздері де темекі шегудің балама көздері саласында мемлекеттік реттеу қажет деп санайды. Мұндай өнімді сертификаттау қажет. Бұл электронды құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздіктің қандай да бір кепілі.

ЕАЭО-тен жауап күтуде

— Никотин бар өнімдерді мемлекеттік реттеу қарапайым темекіге қарағанда өзгеше болуы тиіс. Себебі электронды сигареттер темекі шегушінің канцерогендерді тұтынуын азайтады. Демек, денсаулыққа аз зиян келтіреді. Біз мұны депутаттарға денсаулық кодексіне түзетулер енгізу кезінде түсіндіруге тырыстық. Бізді естімейді. Біз темекі шегуді насихаттаумен айналысамыз деген жаңсақ пікір бар. Шын мәнінде, темекі шегудің кез-келген түрінің алдын-алу және бақылау мәселесімен біз айналыспауымыз керек.

Қораптың сыртына қорқынышты суреттер салса да, темекі өнімдеріне акциздің құнын көтерсе де, темекі тұтынушылар болған және болады

Ал мемлекетке өз әдетін қоя алмайтын темекі шегушілердің ауырмауы экономикалық жағынан тиімді.

Егер электронды темекіні тұтынудан денсаулыққа келтірілетін зиянның аз екені дәлелденсе, мемлекет тұтынушы үшін темекі шегудің балама әдістеріне көшуді экономикалық тұрғыдан тиімді етуі керек.

Темекі өндірісін реттеуге болады делік. Ертең Қазақстанға темекі контрафактісі келмеуі үшін өндірушілер мен тұтынушылар үшін бұл процесті айтарлықтай ұқыпты және ауыртпалықсыз жасау керек.

2014 жылы ЕАЭО туралы шартқа қол қойылған кезде біз бірқатар мәселелерді бірлесіп шешетінімізге келістік. Техникалық реттеу – солардың бірі. Құрамында никотин бар өнімдер бойынша барлық бес елге арналған техрегламенттің тұтас бір бөлімі қазірдің өзінде айқындалды.

Бұл тауарлардың толық тізімі анықталды. Мұндай құжатты әзірлеу мерзімі әрдайым ұзақ уақытқа созылады, өйткені мұнда барлық бес тарапқа консенсусқа келу керек. Қаласаңыз, ұлттықтан жоғары техникалық регламентті үш жыл ішінде қабылдауға болады. Бірақ бұл жерде халықаралық келіссөздер мен келісімдердің ұзақ мерзімді тетіктері әрқашан қосылады.

Мемлекеттің міндеті

– Осыған байланысты Интеграция және сауда министрлігі өткен жылдың ортасында ұлттық техникалық регламентті әзірлеу процесін бастады. Ол ЕАЭО-ның бірыңғай құжаты қабылданғанға дейін әрекет ете алар еді. Ең қызығы, үлкен жұмыс атқарғаннан кейін, яғни жобаны әзірлеп, оны жұртшылықпен және бизнеспен талқылағаннан кейін, агенттік кенеттен процесті баяу жүргізе бастады.

Соңғы уақытта бұл мәселеде ешқандай белсенділік жоқ. Шенеуніктердің немқұрайлылығы бар

Оларда мәселенің өзектілігі субъективті факторларға байланысты. Мысалы, басшылықтың тікелей тапсырмасының болуы немесе болмауы. Менің ойымша, қазір министрліктің алдында құрамында никотин бар жаңа өнімді тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде ымыраға келуге мүмкіндік беретін анағұрлым өзекті мәселелер тұр.

– Дәл сертификаттаудың жоқтығынан Қазақстанға күмәнді девайстар импортталады. Тұтынушы не сатып алатынын білмейді ме?

– Шын мәнінде, белгілі бір тауарға сәйкестік сертификаты мыңнан бір ғана сатып алушыны қызықтырады. Кез-келген өнімді сатып алуға итермелейтіні — жарнама. Мемлекеттік реттеу тұрғысынан тұтынушыға сәйкестік сертификаты қажет пе, жоқ па маңызды емес, ол өзіне керек болған соң сатып алады.

Мемлекеттің міндеті — адамдардың денсаулығы мен өмірінің және олардың қоршаған ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ұнаса да, ұнамаса да бұл мәселені шешуге тура келеді

Сондықтан сертификаттаудың жоқтығы — бұл елге контрафактілік және қауіпсіз емес өнім импортына тосқауыл бола алмауы. Мемлекеттік реттеудің қолданыстағы жүйесі қауіпсіздік үшін қызмет ететінін айтады. Бірақ іс жүзінде бұл мәселелер мүлдем шешілмейді. Менің ойымша, бұл мемлекеттік органдардың біліксіз жұмысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз