Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елдегі халықтың 95%-дан астамы этносаралық қатынасты тұрақты деп санайды

Этномедиация институтын дамытуға да айрықша назар аударылуда. Қазіргі таңда елімізде кәсіби медиаторлар, заңгерлер, педагогтар, психологтар, дінтанушылар, журналистер және белсенді азаматтар қатысатын 20-дан аса орталық пен кеңес бар. Биылғы бірінші жартыжылдықта олар 500-ге жуық шара ұйымдастырып, 22 мыңнан астам адамды қамтыған.

2025 жылдан бастап 14 жоғары оқу орнында журналистика мамандығында оқитын студенттер үшін «Этносаяси сауаттылық» атты жаңа пән енгізілді. Бұл бастама жас журналистердің этносаралық тақырыптарды жауапкершілікпен жариялауына және қоғамдық тұрақтылық мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі этносаралық шиеленістердің алдын алуда маңызды рөл атқарып отыр. Қазір ел бойынша 1700-ден аса осындай кеңес жұмыс істеп, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мен отбасылық тәрбиені күшейтуге бағытталған жобаларды іске асыруда. Сонымен қатар Ақсақалдар кеңесі жарты жылда 300-ден аса мәселені қарап, 200-ден астам ұсыныс әзірлеген.

«Жомарт жан» орталықтары да белсенділік танытып келеді. Онда 340-тан астам меценат, ерікті мен қоғам қайраткері қайырымдылық бағытында еңбек етуде. Олар жыл басынан бері 500-ден аса іс-шара өткізіп, жалпы көлемі 304 миллион теңгеден астам көмек көрсеткен.

Сондай-ақ, азаматтық жауапкершілікті арттыруда экологиялық акциялардың маңызы зор. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 300 мыңнан астам этномәдени бірлестіктер мүшелері, жастар мен еріктілер түрлі сенбіліктер мен экологиялық шараларға қатысқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз