Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елбасының зейнетақы жинағы қайда сақталады?

469

Алайда, қор топ-менеджменті зейнетақы жинақтарының құпиялылығын алға тартып, бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ. Дегенмен, талқылау барысында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БЖЗҚ құрылғанға дейін жеке қорлардың бірінде зейнетақы шоты болғаны анықталды.

Тарихи жыл

Қоғамдық кеңес отырысында талқыланған негізгі тақырып – қордың 2018 жылғы жұмысының қорытындысы. 2018 жылы Ұлттық банк зейнеткерлердің активтерін басқара отырып, салымшылардың шоттарына триллион теңгеге жуық инвестиция салды. Бұл 2017 жылға қарағанда 67% артық.

Ұлттық банктің мәліметінше, 977 млрд теңге мөлшерінде есептелген табыстың жалпы көлемінің 56,8%-ы сәтті инвестицияланған активтердің сыйақысы есебінен болды. БЖЗҚ портфеліндегі 40,3% пайда шетел валютасын қайта бағалаудың арқасында түсіп отыр.

Яғни теңгенің құлдырауы зейнетақы активтерінің табыстылығына оң әсер етуде

Наурыз айының соңына қарай БЖЗҚ жылдық қызметінің аудиттелген есебі дайын болады. Ал әзірше, алдын ала деректер бойынша, 2018 жыл БЖЗҚ салымшылары үшін тарихи табысты жыл болды деуге болады.

2019 жылдың 1 қаңтарында БЖЗҚ активтері 9,3 трлн теңгені құрады. 2018 жылы өсім 21% (1,6 трлн теңге) құрады. Оның ішінде 848,6 млрд – зейнетақы жарналарының түсімі. Ал 917 млрд – салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс.

Табыстар өсуде, шығындар қысқаруда

— Ұлттық Банктің зор инвестициялық табыс табуының арқасында біздің жинақтарымыздың кірістілігін сипаттайтын шартты зейнетақы бірлігінің құны бір жыл ішінде 11,3%-ға өсті. Былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда инфляция 5,3% құрады.

Көп уақыттан бері тұңғыш рет зейнетақы активтері кірістілігінің инфляциядан 2 еседен астам артқанын көріп отырмыз,

– деп атап өтті БЖЗҚ стратегиялық даму және актуарлық есептер департаментінің директоры Камиля Фазылова.

Камиля Фазылова

 

2018 жылы БЖЗҚ өз шығындарын айтарлықтай оңтайландырды. 2019 жылғы қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша, келушілер саны аз 123 қызмет көрсету орталығы жабылды. Шалғай елді мекендерде бұрын жұмыс істеген үш адамның орнына 1 штаттық менеджер қалдырылды. Бұдан басқа, электрондық ақпараттандырудың өсуі арқасында қордың хабарландырудың стандартты тәсілдеріне арналған шығыстары төмендеді. Бұл ретте салымшылардың белсенді шоттары арта түсті. Ешқандай жарна енгізбей, “ұйықтап” жүрген салымшылар оянды.

Осылайша, БЖЗҚ-дағы 10,4 млн жеке зейнетақы шоттарының 6,4 млн-ы жылына кемінде 1 рет толықтырылады

Айта кету керек, 2018 жылы қор бұрынғы жүйеден мұраға қалған 110 мың иесіз шоттарды сәйкестендіре алды. Сонымен қатар, өткен жылы 200 мыңға жуық шот жабылды. Олардың 30%-ы – жинақтардың толық таусылуына байланысты, 20%-ы – үш жыл бойы нөлдік теңгерімде тұрғанына байланысты.

Төлемдер азайды

Қордың есептілігіне әйелдердің зейнетақы жасын кезең-кезеңмен ұлғайту тікелей әсер етті. 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында төлемдерге өтініш білдіргендер саны 20%-ға азайды.

Нәтижесінде БЖЗҚ-дан төлемдер 2017 жылмен салыстырғанда 42,4 млрд теңгеге қысқарды

Салымшылар зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру компанияларына өз жинақтарын 7%-ға аз аударды. 2017 жылы 2,3 мың адам болса, 2018 жылы 2,2 мың адам. Қор басшылығы мұны аударым үшін жеткілікті қаражат тым жоғары екендігімен түсіндірді — ерлер үшін 9,7 млн және әйелдер үшін 13,3 млн теңге. Ал шотта 5 млн теңгеден асатын салымшылар бар болғаны 3%.

Біз бұрын жазғандай, 2019 жылға қарай Ұлттық банк көрсеткіштерді жақсарту үшін БЖЗҚ портфеліндегі валюталық үлесті арттыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз