Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Елбасының төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды (видео)

Құжатта «Бейбітшілік. XXI ғасыр» Манифесі және 2017 жылдың 6 қаңтарындағы «Қазақстанның қауіпсіз әділ, дамыған әлем үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі тұжырымды көзқарасы» атты екі құжат негізге алынған. Дебат барысында қырып-жою қаруын таратпаудың маңызды мәселелері сөз болмақ. Бұл ретте аталған мәселелер сенім шараларын нығайту жұмыстары аясында қарастырылмақ.

Отырысқа Польша Президенті Анджей Дуда, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және өзге де лауазымды тұлғалар қатысуда.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті 16-қаңтарда Вашингтонға ресми сапармен келіп, Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трампен жеке кездесіп, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Сонымен қатар америкалық іскер топтар өкілдерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысына да қатысты. Мемлекет басшысының америкалық бизнес өкілдерімен кездесуінің нәтижесінде жалпы сомасы 7 млрд долларды құрайтын 20-дан астам келісімшарт рәсімделді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз