Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елбасының кітабы португал тілінде басып шығарылмақ

134

Бұл туралы бүгін Астанада бразилиялық әріптесі Алоизио Нунесса Феррейромен кездескеннен кейінгі брифинге ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы жылы португал тілінде Бразилияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты танымал кітабы жарыққа шығады. Осы арқылы Қазақстан Президенті бастамашылық еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оңтүстікамерикалық континентте де тәжірибе жүзінде іске асырылады», – деді Қайрат Әбдірахманов.

Министрдің атап өтуінше, Бразилия Оңтүстік Америкадағы Қазақстанның ірі серіктестерінің бірі. Екі ел өзара қашық жерде орналасса да, бізді достықтың, ынтымақтастықтың, сыйластықтың қатынастары біріктіріп келеді.

«Бүгін бразилиялық әріптесіммен екіжақты қатынастарға байланысты барлық салаларды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді тыңғылықты талқылып шықтық», – деді Қ. Әбдірахманов.

Осы орайда министр бүгінде негізгі халықаралық проблемалар тұрғысында Қазақстан мен Бразилияның ұстанымдары сәйкес келетінін атап өтті.

«Кездесу барысында қос тарап инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа айрықша екпін қойды. Осы бағыттарда өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты міндеттерді белгіледік. Екі ел арасындағы сауда көлемі 135 млн АҚШ долларынан асты. Жалпы, сауда саласының деңгейін көтеру үшін біздің әлеуетіміз әлі де жоғары екенін айтқым келеді», – деді ҚР СІМ басшысы.

Мұнымен қоса, ҚР СІМ басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке байланысты алдағы дауыс беру процесінде Бразилияға сәттілік тіледі.

«Осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамындағы жұмыс тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Бұл тұрғыда Бразилияның мүшелігі кезеңінде ҚР Президентінің бастамаларын жүзеге асыру өзінің жалғасатын табатындығына сенімдіміз», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз