Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасының атауы беріліп қойған нысандар туралы

244

Мектептер мен университеттер

Қазақстанда Астанадағы беделді университетке Елбасы есімі берілген. Кембридж және Гарвард сияқты университеттермен қатар тұруға мүдделі Назарбаев университеті 2010 жылы ашылған. Мемлекет басшысы – университеттегі жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Ал бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан елордасында бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды, қазірде мұндай білім беру мекемесі еліміздің бүкіл қалаларында бар.

Қызғалдақтар мен хризантемалар

Голландия мен Жапонияда Қазақстан президентінің есімі қызғалдақ және хризантема түрлеріне берілген. Екі елде де гүлдердің жаңа түрлеріне Елбасы есімінің берілуі оның бұл елдерге іссапармен баруына байланысты. Осылайша, 2014 жылы “Қазақстан президенті” атты голланд қызғалдағы пайда болды, ал осыдан бірнеше апта бұрын Жапония еліндегі гүл көрмесінде дәл осындай атпен хризантемалар ұсынылды.

Назарбаев көшелері

Қазақстанда Елбасы құрметіне аталған көшелер жоқ, алайда шетелдерде Назарбаев есімі көшелерге жылма-жыл беріліп жатады. Мәселен, Қазанда жергілікті қазақ диаспорасының өтінішімен Нұрсұлтан Назарбаев көшесі “пайда болды”. Ал, Түркияда Қазақстан басшысының есімі 4 қаладағы даңғылдарға берілген.

Тау шыңы

Назарбаев есімі берілген алғашқы нысандардың бірі – Нұрсұлтан шыңы. Ол Тянь-Шаньның Іле Алатауы сілемінің солтүстігінде орналасқан. 1998 жылға дейін бұл шың Комсомол шыңы деп аталған болатын.

Қала-ауыл

Екі ай бұрын мемлекет басшысы Алматы облысына іссапары барысында жаңа Нұркент қаласының жобасымен танысты. Бұл қала әзірше теміржолшылар ауылы болып саналады. Бірақ, билік органдарының жоспарлауынша, Нұркент “Қорғас” халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жобасының бір бөлігі әрі “Қорғас – Шығыс қақпасының” арнайы экономикалық зонасы ретінде кеңейіп, үлкен қалаға айналады.

Астана қаласының атауы шын мәнісінде өзгертіледі ме, әлде бұл бастама қағаз жүзінде ғана қалады ма, оны Мемлекет басшысы шешуі мүмкін. Елбасы бұған дейін мұндай ұсыныстардан бас тартып келген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз