Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасын құттықтаған хаттар туралы мәлімет жарияланды

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқаны аталып өтіп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін бекітудегі рөлі айрықша көрсетілген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы, сондай-ақ ынтымақтастықты мемлекетаралық деңгейде жолға қойып, дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаған үлесіне халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Солардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің, ҰҚШҰ Бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимовтың, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Р.Гасановтың, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтің, Жалпыға ортақ кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы В.Щербаковтың, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедевтің, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т. Анодинаның, Парламентаралық ассамблеялар кеңесінің Бас хатшысы лауазымын уақытша атқарушы С.Антуфьевтің құттықтау хаттары бар.

Мемлекет басшысы өзінің атына келіп түскен барлық хаттармен және жеделхаттармен мұқият танысып шығып, авторлардың барлығына жылы құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін ризашылығын білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз