Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы жаңа спорттық туристік нысанмен танысты

133

Спорт базасымен танысу барысында Қазақстан Президентіне еліміздің туризм саласын дамыту перспективалары туралы мәлімделді.
«Туристік Қазақстан» бағдарламасының алдағы уақытта жүзеге асырылу және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын әрі қарай жетілдіру жоспарлары жөнінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин баяндама жасады. Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуетін арттырудың өзектілігін айтты.

– Қазіргі уақытта қазақстандықтар Отанымыздың көрікті жерлерімен таныса алатындай демалыс орындарын салу басты міндет саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы инфрақұрылымды дамытудың қажеттілігін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы тиісті кадрларды даярлау есебінен туристік қызмет көрсету сапасын жақсартудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде 10 туристік аймаққа баса назар аударылатынын айтты. Бұлар – Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алматы облысы, Шарын шатқалы, Алакөл, Каспий жағалауы және басқалары.

– Туристік нысандарға субсидия бөлу көзделіп отыр. Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз. Біз экономиканың осы саласына зор мән беруіміз керек, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өңірлердің басшыларын және инвесторларды еліміздің туристік кластерін дамыту үдерісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз