Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми сапарында Қазақстан Президенті Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеспек.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездеседі.