Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы Трамппен келіссөз жүргізді

“Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмір шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті”, – делінген хабарламада. Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев “АҚШ – Ислам әлемі” саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті. Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз