Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында Астанада министрлер Елжан Біртанов және Тимур Сүлейменовті “Құрмет” орденімен марапаттады.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов “Құрмет” орденімен марапатталды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевты “Парасат” орденімен марапаттады. “Парасат” орденімен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов та марапатталды.
“Құрмет” ордені Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстазы Людмила Макарцева, Тілендиев атындағы оркестрдің бас режиссері Дінзухра Тілендиева да лайықты деп танылды.
“Бүгін біз ең үздіктерді, Отанның нағыз патриоттарын мадақтап жатырмыз. Олар еліміздің даму мақсатында бар ерік жігерін салып жатыр. Бүгін еліміздің барлық өңірінде менің атымнан марапаттау рәсімдері өтіп жатыр”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы марапаттау рәсімінде.
Президенттің айтуынша, Тәуелсіздік күнінде еліміздің 1600 азаматы марапатталады.