Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Елбасы: Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз

Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын! Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды.

Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан – Парламент сайлауын өткіздік. Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жылын табысты аяқтадық. Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады. Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет.

Келер жылы Астана меймандары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бас қосатын болады. Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылады. Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады. Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз. Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!

Дереккөз: baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз