Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасы Түркиядағы Ресей елшісінің өліміне қатысты пікір білдірді

Жеделхатта Мемлекет басшысының  Түркия Республикасындағы Ресей Федерациясының өкілетті елшісінің қайғылы қазасы жайлы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

Сонымен қатар, Карловтың дарынды дипломат екені, кәсіби қызметінің көптің құрметіне ие болғаны және Ресей мен Түркияның қарым-қатынасын нығайтуға бағытталғаны еске алынады.

“Терроризм актісі бүкіл әлемнің осы зұлымдыққа қарсы бірігуін қажет ететінін растап отыр. Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды”, – делінген телеграммада.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Карловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, кеше Түркиядағы Ресей елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз