Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы арқылы жастарға не айтқысы келгенін түсіндірді.
“Біздің түп-тамырымыз – өте терең. Бүгінде италиялықтар римдіктер ретінде саналмайды, бірақ олар өздерінің тарихын мақтан тұтады. Ал Мысырда арабтар тұрады, дегенмен олар фараондарды ұмытпайды. Ресейдің де, Ұлыбританияның да, біздің де тарихымыз бай”, – дейді Президент.
Оның айтуынша, қазақ толерантты халық және барлығына бірдей қарайды.
“Біз тарихты қазақ халқы қандай ерекше халық екенін еске алу үшін айтпаймыз. Құдай сақтасын. Бұл мақала жастарға Ұлы даламыз – ұлы түп-тамырымыз бар екенін жеткізу мақсатында пайда болды. Ғұн мен сақтар кезеңінен, Түрік қағанаты мен бүгінгі күнге дейінгі тарихымыз”, – деді Назарбаев.
Президенттің айтуынша, бүгінде бөлінудің орнына бірігіп, ортақ тіл табысып, бір-бірімізді сүюіміз қажет.
Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын мына жерден оқуға болады.