Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елбасы “Нұрлы жол” бағдарламасы туралы сұраққа жауап берді

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында 2 бесжылдықта 7,5 мың шақырым жол салынған.

“Бірінші бесжылдықтың өзінде-ақ Қазақстандағы барлық әуежайды ретке келтірдік, Каспий теңізінің жағасына екі заманауи теңіз портын салдық. 2015 жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет біздің университетімізде «Бір белдеу – бір жол» жоспарын жариялады. Жоспар мен біздің бағдарлама бір-бірімен керемет сәйкес келді. Әрине, біз осы жолды қолдадық”, – деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстанға ҚХР-дан екі теміржол келетінін тілге тиек етті.

Қытай шекарасынан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін 3 мың шақырым бірінші санатты автотрасса салынды.

“Біз ұлан-ғайыр дала төсін қақ жарып өтетін теміржол магистралін салдық, Қытайдан Каспий теңізіне дейінгі 1 500 шақырымға созылған жол небәрі екі жылда салынды. Түркіменстан – Иран арқылы өтетін Парсы шығанағының Бәндәр-Аббас портына баратын, одан Үндістанға шыға алатын теміржолды салдық. Біз, міне, осындай шараларды қарастырдық. Тәуелсіздікті алған жылдары Қытаймен арадағы сауда нөлге тең болды. Қазір ол 15 млрд долларға жетті. Бұрын Қытайдан шыққан контейнерлер ешқашан Еуропаға жеткізілген емес, тек өткен жылдың өзінде контейнерлермен Қытайдың шығыс провинцияларынан Еуропаға 4 млн тонна жүк тасымалданды”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз