Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV-сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми құжатта Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV-сессиясын алдағы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақыру және оны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау туралы өкім беріледі.