Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар қазақстандықтарға қатысты жазаны күшейтуді ұсынды

ҚР бас прокуроры, ҚР ішкі істер министрі және ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары және Ақтөбе облысының әкімі баяндама жасады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев қылмыскерлерге қатысты әрекеттерді қолдағаны және кешегі Ұлттық аза тұту күнінде бірлік көрсеткені үшін барша қазақстандықтарға алғыс айтты.

– Біз қазір мұның дәстүрлі емес салафизм діни ағымын ұстанушылар тобының лаңкестік шабуылы екендігін біліп отырмыз. Республикадағы діни наным-сенім бостандығына қамтамасыз ете отырып, біз сонымен бірге діни ұранды жамыла отырып, елдегі ахуалды шатқаяқтатуға тырысатындарға батыл жауап қатуға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестердің жоспарына қарамастан бейбіт тұрғындар арасында өлім-жітімнің көп болуына жол берілмегендігіне баса назар аударды.

– Күш-қуат құрылымдарының іс-қимылы барлық дерлік қылмыскерлердің көзін жоюға мүмкіндік берді. Олардың кейбіреулері іздеуде жүр. Меніңше, біздің құқық қорғау органдары барлығын да тауып, олар сәйкесінше жаза алатын болады. Лаңкестік акт қоғамның көңіл-күйін бұзды, халық табанды іс-қимылдарды күте отырып, оларды әділ түрде айыптайды, – деді Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және жүйелі сипаттағы бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Үкіметке екі айдың ішінде терроризм мен экстремизмге, қару айналымы мен оны сақтауға және сатуға қарсы әрекет ету саласындағы, көші-қонды және діни бірлестіктерді реттеу саласындағы заңнамалық бастамалар жиынтығын әзірлеуді тапсырды.

– Халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар Қазақстан азаматтарына қатысты жазалау шараларын күшейту мәселесін қарастырған жөн. Бұл ретте олар мемлекетіміздің мүддесіне сатқындық жасап, өз Отанына қарсы соғыс жолына түсіп отырғанын ескеру қажет. Бұдан бөлек, террористік қауіп жөніндегі дабыл бойынша өткізілуі ықтимал арнаулы шұғыл шаралар ұйымдастыру жеңілдетілсін. Осы заңнамалық бастамалардың барлығын биылғы заң шығару жұмысы жоспарына кіргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз