Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы чемпион ретінде марапаттаған Әділбек екі айдан соң үйленбекші

Сондай-ақ ол өз жеңісінің алтынға теңелгеніне қатысты да пікірін жеткізді.

– … Шешуші айқасқа қанағаттанған жоқпын. Осы өкініш әлі қара қазандай боп кеудемде тұр. Жеңе алатын едім, бірақ солай болды. Есіме түсіп кетсе әлі ашуланып, өз-өзіме ренжимін. Арман еткен алтынға кішкене ғана қалған еді ғой.

Елбасы мені чемпион ретінде марапаттады, мен бұған аса қуаныштымын. Бірақ, бәрібір бірінші орын тұғырына аяғын тимеген соң, кеудең тыныш таппайды екен, – дейді ол.

Еске сала кетелік, жұма күні Рио Олимпиада жүлдегерлері Астана көшелерімен салтанатты түрде жүріп өтті. Одан кейін “Қазақстан” орталық концерт залында Елбасының қолынан олар орденмен марапатталды.

Мемлекет басшысы Олимпиаданың күміс жүлдегерлері боксшы Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті чемпион деп танып, олардың сыйақысын алтын медаль иегерлерінікімен теңестірді.

Қазақстанда Олимпиада алтын медалына тағайындалған сыйақы көлемі  250 мың доллар екенін баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз