Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елбасы аяқ-асты Астананы аралауға шықты (фото)

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Нұрсұлтан Назарбаев “Сарыарқа” ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға табыс пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ қаланың коммуналдық шаруашылық саласы қызметінің жұмысы туралы ойларын тыңдады.

“Мен жас маман ретінде 10 жылға жуық пәтер кезегінде тұрдым. Қазір заман басқа. Ұмтылыссыз ештеңеге қол жетпейді. Табысқа жету үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеу қажет, сонда ғана еңбектің жемісін тата аласыздар”, – деді Елбасы “Сарыарқа” ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінің тұрғындарымен әңгімелесу барысында.

Қазақстан Президенті қаланың қысқы маусымнан кейінгі жағдайының жақсы екеніне тоқталып, шаһардың қызмет көрсету мекемелері жұмысының нәтижелерін және елорданы абаттандыру, тазалықты сақтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы автомобиль жолдарындағы кептеліс проблемалары мен көлік қоятын орындардың жетіспеушілігіне назар аударды.

“Жолдарда көлік өте көп. Қала басшылығы бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруы керек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тәжірибе зерттелуге тиіс. Сонымен қатар түрлі ғимараттардың, сауда үйлері мен дүкендердің иелері әріптестерімен бірлесіп, өз аумағындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуі қажет”, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесіне уақтылы дайындығының маңыздылығын айтып, барлық тұрғындарды елорданы көгалдандыру ісіне белсене атсалысуға шақырды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз