Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын аралап көрді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.