Жаңа арнадан қазақ киносының алтын қорындағы барлық туындыларды тамашалауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда жаңа телеарна ашылды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған арнадан отандық деректі фильмдер мен сериалдар көрсетіледі. Сондай-ақ жас кинематографистердің шығармалары да эфирге шығатын болады.
“Алтын қорымызды ұрпақ игілігіне жаратуды көздеген жаңа арнаны біз елдің арнасы болсын деген ниетпен “Ел арна” деп атадық.
Жаңа телеарна бүтін бір буынға әсер еткен Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов сияқты майталмандардың туындыларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насиxаттауға тамаша мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біздің мақсатымыз – білім, ғылым мен өнер саласына арналған деректі фильмдер мен танымдық бағдарламалардың көрерменге барынша қолжетімді болуына ықпал ету, еліміздің ақпараттық кеңістігін өз туындыларымызбен қамту. Бұл арнаның ашылуы кино саласындағы жас мамандар үшін де үлкен қолдау деп білемін. Енді, олардың шығармалары xалықтың назарына кеңінен ұсынылатын болады”, – деп атап көрсетті Дәурен Абаев.
Айта кетейік, жұмыс күндері телеарнадан деректі фильмдер көрсетілсе, демалыста отандық сериалдарды көрсету жоспарланған.
Жаңа арнаның эфирі Қазақстанның xалық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың өміріне арналған “Ән-аға” атты тариxи драмамен ашылды.