Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Экстремизм бойынша сотталғандарды бөлек ұстайтын уақыт жетті – сенатор

Құжатты қабылдамастан бұрын сенатор Дулат Құсдәулетов террористік және экстремистік қылмыс жасаған сотталушыларды түрмеде бөлек ұстауға қатысты мәселені көтерді. Сенатор адамдардың көбінесе түрмеде терроризм мен экстремизмнің ықпалына түсетіндерін айтып өтті. Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, мұндай адамдар тобымен жедел түрде және әрқайсысымен жеке жұмыс істеу қажет.

“Ең бірінші рет біз террористік және экстремистік қылмыс жасаған сотталушыларды бөлек ұстау жайлы 2010 жылы Ақтауда қашып кеткен сотталушылармен болған оқиғадан кейін айтқан болатынбыз. Сол кезде қатаң тәртіптегі колониядан 21 сотталушы қашып кеткен. Сонда түрмеден қашқан қылмыскерлер мен олардың сыбайластары экстремистік топтың мүшесі болғаны анықталды” , – деді сенатор депутаттарға.

Сонымен қатар, ол Алматыда биыл жазда террористік акт жасаған лаңкесті де еске алды.

“Руслан Күлікбаевті айтып кету керек. Ол да түрмеде радикал көзқарастың ықпалына түсті. Сондықтан да жұмыс тобының отырыстарында талқыланған ұсыныстардың, олардың ішінде террористік қылмыс жасаған сотталушыларды бөлек ұстау мәселесі әрі қарай ойластырылып, оны мемлекеттік органдар да қарастырады деп сенемін”, – деді сенатор.

Еске салайық, 18-шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз