Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлер сатылымға қойылды

144

Компания 2018 жылғы 1-маусымнан бастап бұрын «ЭКСПО-2017» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығаруды жоспарлап отыр.

«Сатып алу шарттарына келетін болсақ, әлеуетті сатып алушыларға қойылатын жалғыз талап: жеке тұлғалар үшін – төлем қабілеттілігі және Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет, ал заңды тұлғалар үшін – Қазақстан аумағында тіркелуі және қызметін жүзеге асыруы шарт», – делінеді компания шартында.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағында таза әрленген пәтерді бірнеше тәсілдермен: қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы өз қаражаттары есебінен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға, сондай-ақ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қарызы есебінен сатып алуға болады.

«Тұрғын үйді және машина орындарын сатып алуға өтінімдер қабылдау процесі оның айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында «Digital Baiterek» платформасы арқылы онлайн режімде жүзеге асырылатын болады. «Бәйтерек девелопмент» АҚ риэлторлық компаниялармен ынтымақтастық жасамайтынына және портал арқылы өтінімдерді тіркеу және ресімдеу үшін төлемақы алмайтынына әлеуетті сатып алушылардың назарын айрықша аударғымыз келеді», – деді Өсербаев.

Сонымен қатар тұрғын үй кешенінде «шоу-рум» жұмыс істейді, мұнда әлеуетті сатып алушылар пәтерлердің жоспарлануымен танысады, қажетті кеңес алады және жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінім ресімдейді.

Анықтама: 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында тұрғын үйлердің және сауда ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландырды. 42 үйден тұратын, алаңы 110,7 мың шаршы метр болатын тұрғын үй орамы «Люкс недвижимость Group» және «BI Group» компанияларымен әріптестік негізде салынды. «Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы – «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша жалғыз қаржы операторы. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз