Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ЭКСПО-2017 көрмесіне оң бағасын берді

Негізгі атқарылған жұмыс қарқыны туралы ұлттық компания Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов тоқталып кетті. Сондай-ақ, ол іс-шараға дайындықтың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын, әрі барлық сала бойынша жұмыстың күшейтілгендігін айтты.

Көрмеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. 31 қазаннан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімін бастап кеттік. Көрмеге келушілердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Оны өз деңгейінде іске асыру үшін халықаралық тәжірибе, атап айтар болсақ, Шанхай, Йосу, Миландағы ЭКСПО көрмелерінің, сондай-ақ, Сочи мен Бакудағы спорттық жарыстарды өткізу тәжірибелері толық ескерілді, – деді Басқарма Төрағасының орынбасары Е.Шорманов.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Аккредитация» жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, «Call centre» жұмыс жасайды. Барлық нысандар бейнебақылау, өрт сөндіру мен күзет сигнализациясымен жабдықталған. Көрме қонақтарының ыңғайы үшін логистика жүйесі жасалды. Өрт сөндіру мен медициналық қызмет көрсету тәулік бойы жұмыс жасайды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Египет Елшісі  Хайзам Салах Ибрагим (Haitham Jakah Kamel) «Біз көрмеге қатысатындығымызды ресми растағаннан кейін ұлттық компаниямен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар жасалды. Бұл ретте, көрменің жоғарғы деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елдің бірқатар компаниялары қатысатындығын растады».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз