Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Екібастұзда бір жігіт көшеде кетіп бара жатқан қызға жұдырық ала жүгірген (видео)

Онда бейтаныс жігіт бойжеткенді алдымен бетінен ұрып, кейін жерге алып жығады. Ол аздай қолындағы шарларын тартып алмақ болады. Алайда, екібастұздық ару ер-азаматтың шарды тартып алмақ болған әрекетіне бой бермей, оны уысынан щығармауға тырысады. Осы әрекеті үшін ер адам оны тағы бірнеше рет ұрады. Ақырында алаяқ қыздың қолындағы шарды ұрлап алып, оқиға орын алған жерден тайып тұрады.

Кейін Павлодар облысы ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлағандай, алаяқ арудың қолындағы шарға емес, Iphone 7 телефонына қызығыпты.

Аталған іске қатысты “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұз қаласы тұрғынының қолынан “IPhone 7 телефонын ұрлап әкеткен”,деді мамандар.

Полиция берген ақпаратқа сәйкес, күдікті қазіргі таңда қамауға алыныпты. Ол Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шыққан. Қазір ол қамауда отырған көрінеді. Аталған қылмысы үшін, ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз