Екібастұзда 17 жастағы бозбала мен қыз араға екі күн салып өздеріне қол жұмсаған. Жасөспірімдер бір сыныпта оқыған. Жасөспірімдердің жантүршігерлік өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Кейін Павлодар облысының полициясы болған жағдайды растады.
«Екі суицид бойынша қылмастық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде белгілі болады», – деп мәлімдеді ведомство.
Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева 2008 жылы туған жасөспірімдердің бұрын бір сыныпта оқығанын және бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын айтты.
«Жігіт Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған. Екі жасөспірім де жағдайы жақсы отбасыдан шыққан. Екеуін де туыстары үйлерінен тапқан», – деді Сәуле Шәкенева.
Оның сөзінше, жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелерінде буллинг болмағаны анықталды. Сондай-ақ олар ешқандай профилактикалық есепте тұрмаған және бұған дейін психологиялық қызметтердің назарында ілікпеген.
Сәуле Шәкенева бұл жағдай жыл басынан бері өңірде тіркелген кәмелетке толмағандар арасындағы алғашқы суицид фактілері екенін атап өтті.