Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Екі жыл не істедік?”. Премьер-Министр “ҚазАвтоЖол” басшысының жұмысын сынап тастады

Араға екі жыл салып, «біз осындай модульді жасадық, енді соны бекітеміз» деп мәлімдеп жатырсыз. Сонда екі жыл бойы әр облыста өздерінің түсінігінше жұмыс істеген. Бұл ретте стандартқа сай ма немесе сәйкес келмей ме? Оны айтып отырған себебім, біз бизнес өкілдерімен кездесіп тұрамыз. Осы бағытта көлік және логистика шаруаларымен айналысатын кәсіпкерлер бар. Олардың талаптары басқаша. Бизнесмендер сіздің көрсетіп отырған типтік модульдеріңізді сұрап отырған жоқ, яғни кәсіпкерлер басқа басымдықтарға назар аударуда.

Сіздің түсінігіңіз бір бөлек, бизнестің талабы бір бөлек. Екі жыл өткеннен кейін «KazWay» (жол бойындағы сервистің модульдік павильоны) дегенді жасаймыз деп көрсетіп отырсыз. Сонда екі жыл бойы не істедік?», – деді Бақытжан Сағынтаев «ҚазАвтоЖол» басшысына қарата.

Өз кезегінде Ермек Қизатов жобалар аяқталуға жақындағанын, облыстармен пысықталғанын айтып бақты. Алайда Үкімет басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК басшысының айтқан уәжімен келіспеді.

«Сіздер аяқтағанға дейін, бүкіл облыстар өздерінің түсінігінде салып тастайды. Жолдың бойында бос жер жоқ. Сіз шетелге шығып жүрсіз, жолдың бойындағы қызметтердің қандай болатынын көрдіңіз.

Қазір таныстырған жұмыстар сіздерге емес, әкімдерге тиесілі. Ол біз ойлаған типтік павильондарға сәйкес келмейді», – деді Премьер- Министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз