Алдағы екі күннің ішінде ҚР Үкіметінің жаңа құрамы толықтай жасақталады.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
„Бүгін, ертең Үкіметтің жаңа құрамы толықтай жасақталып, өз жұмысына кіріседі„ – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы отырысқа қатысқандардың барлығына мықты денсаулық тілеп, жұмыстарын табысты болсын деді.
„Бәріміз халықтың игілігі үшін жұмыла жұмыс істелік„ – деді Нұрсұлтан Назарбаев.