Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз жол апаты жайлы айтып берді

“Бүгін мен Катяға ауруханаға бардым. Ол өте ашық әрі жарқын адам, бірден тіл табыстық. Жол апаты есінде екен. Оқиғаның мән-жайын және жол апаты болған сәтті де біледі. Одан кейін мен оның құрбысы, жол апатынан зардап шеккен екінші қыз — Найлямен кездестім. Ол да Катяның айтқанын айтып берді.

Олардың айтуынша, Катя мен Найля әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жолдың шет жағымен келе жатты. Тұңғыш Президент саябағына қарама-қарсы жерде көлік люкке түсіп кетеді. Қыздың айтуынша, көліктің артқы оң дөңгелегі соғылғып, соның салдарынан көлік бір жақтан екінші жаққа ұшып кеткен Катя — тәжірибелі жүргізуші, дер кезінде тоқтап, көліктің қай жері бүлінгенін көру үшін сыртқа шыққан. Одан кейін көліктің жүк салғышына барып, апат белгісін алып шықпақшы болған. Осы сәтте оларды Тойота Камри көлігі келіп соғады. Кейбір БАҚ-тар Найляның анасына сүйене отырып, расталмаған ақпараттарды жариялап жатқандарын айтып өткім келеді. Осыған байланысты Катяның атынан БАҚ-тардан расталмаған ақпараттарды жарияламауларын сұраймын. Осы іске қатысты сараптамалар тағайындалады. Сұрақтарымызды дайындап жатырмыз.

Енді жақсы жаңалықтар жайлы айтайын. Катя қазір палатада жатыр. Оған тек жақындары кіре алады. Катя мен оның отбасы осы күнге дейін Катя үшін уайымдап, қан тапсырып, ақша жинаған Қазақстан азаматтарына көп алғыс айтады. Бұл біздің, қазақстандықтардың қиын жағдайларда қол ұшын созуға дайын екенімізді тағы да көрсетті. Ертең бізде алғашқы тергеу жұмыстары басталалы.

Катя іс әділ және жан-жақты тергеледі деген сенімде. Ол да біз сияқты мұндай қайғылы жағдайдың қайтадан ешкімнің басына түспегенін қалайды. Суреттерді Катя мен оның күйеуінің рұқсатымен жариялап отырмын”, деп жазған адвокат.


https://kaz.365info.kz/bir-balasy-bar-zhol-apaty-kezinde-eki-ayagynan-ajyrylgan-khyzdyn-kim-ekeni-belgili-boldy-foto-267388

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз