Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Екі ақынның сөзі күллі қырғыз халқының сөзі емес». Елші қазақ халқынан кешірім сұрады (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kLfLAYddhXU

Осыған қатысты мәселе көтерген “Abai.kz” ақпараттық порталына бүгін Қырғыз елшілігі кешірім сұрап, түсініктеме берген.

– Мен “Abai.kz” ақпараттық порталында жарияланған мақаламен және онда көрсетілген бейнежазбамен танысып шықтым. Шынтуайтына келгенде, қатты ұялып отырмын. Бауырлас екі елдің тыныштығын бұзатындай ауыр сөздер айтылған екен. Сол үшін Қырғыз Республикасы және қырғыз халқы атынан қазақ халқынан кешірім сұраймын. Өздеріңіз де мақалада айтқандай, екі ақынның сөзі күллі қырғыз халқының сөзі емес, әрине. Мен және бір мәрте қазақ халқынан осы бір жәйт үшін кешірім сұраймын, -деді Қазақстандағы Қырғыз елшілігінің бірінші хатшысы Шолпанай Әбдісаматқызы.

Сондай-ақ, Шолпанай Әбдісаматқызының айтуынша, Аалы Туткычев бастап, Азамат Болғонбаев қоштаған қырғыз ақындарына ресми түрде Қырғызстан Үкіметі тарапынан шара қолданылатын болады.

– Біз бірінші кезекте бұл екі ақынның айтыста айтқан сөздерін келтіре отырып, Қырғыз Республикасының Мәдениет министрлігіне және Сыртқы істер министрлігіне хат жазамыз. Ол жақтан ресми жауап келгенде сіздердің порталдарыңызға жолдап, екі ақынға қатысты қандай шара қолданылатынын айтатын боламыз. Ал әзірге мен нақты қандай шара қолданылатынын білмеймін. Бірақ, қандай да бір реакция болатыны сөзсіз. Айыпқа бұйырмаңыздар, сіздерден тағы да кешірім сұраймын”,-деді елшілік өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз