Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Эйр Астана” Португалияда апатқа ұшырай жаздаған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

145

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде көкте қайтерін білмей қалықтаған әуе кемесі түскен әуесқой түсірілім тарады.  Оған қоса іштегі ұшқыштардың абыр-сабырда диспетчермен байланысқа шыққандағы әңгімесі де жарияланды.

Бізге әуежайға жету үшін қандай да болмасын кез келген көмек қажет. Қонуға қолайлы әуежай керек. Әңгіме ауанына қарағанда, біздің ұшқыштар көмек пен қонатын әуежай сұрап жатыр. Олар әуе кемесін толықтай басқара алмай қалған. Іс насырға шаппай тұрғанда Португалия тарапы Монте Реал базасынан көмекке Ғ16  ұшақтарын оқтай ұшырды. Әупіріммен қонған ұшақ ішінде тек экипаж мүшелері болған. Екеуіне медициналық көмек көрсетілген.

“Эйр Астана” компаниясы Португалияда жоспарлы жөндеуден енді ғана шыққан ұшаққа қандай “ұшық” тиюі мүмкін деп түсінбей дал.

“Қазір бір нәрсені кесіп айту қиын. Ақауға не себеп болғанын анықтайтын тексеріс жүргізіледі. Экипаж мүшелері мен инженерлер әзірге Португалияда қалады”, деді «Air Astana» АҚ президенті.

Жоспарлы жүргізілген жөндеудің салдары деуге негіз бар. Ұшақты ОГМА компаниясы тексерген. Оқыс оқиғаға қатысты тексеруді Португалия тарапы жүргізетін болды. “Embraer 190” ұшағы 2013 жылдан бері қолданыста. Экипаж Орталық Азия елдеріне жолаушы тасыған. Бар-жоғы 5 жылдай  қалықтаған әуе кемесінде кілтипан шығуы бәлкім Эйр Астананың кезектен тыс тексеріс жүргізуіне түрткі болар. Қалай дегенмен, сақтансаң, сақтайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз