Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ей, ақымақ…”. Алматы облыстық әділет департаментінің басшысы былыққа батыпты

“Қудалау бірінші рет болған жоқ. Мен қызметімнен кетуге де дайын болдым. Бірақ басшының бассыздығын әшкерелеп кеткім келді”, – дейді Қаратал аудандық әділет басқармасының басшысы Алмаз Айнақұлов.

Әу баста топ болып, қазір департамент басшысымен бірге-бір ғана қалған Айнақұловтың айутынша, оның қолында Мейрамбек Қаныбековты әшкерлейтін аудио жазба бар.

“Сен ақымақ неге аңдып жүрсің мені? Екіжүзді оңбаған!”, – делінеді жазбада.

Басшының осы мәнермен сөйлеуі мұндаға мамандарға да жұққан тәрізді. Өйткені мұнда жиі келетін тұрғындардың өзі ұжымнан шошып отыр.

“Мәдениет өте төмен.  Ешқандай бақылау жоқ. Кірген кезде менің аяқ қолым дірілдеп кетеді.  Кінәлі адам сияқты жүреміз”, – дейді  Талдықорған қаласының тұрғыны Дина Иманбекова.

Басы дауға қалған басшының мәселесін енді мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары май-шаммен қарайды. Алайда әзірге оның кінәсі бар-жоғы белгісіз.

Ұлан Қалжанов, Алматы облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасының басшысы:

Департаментке Әділет министірлігінен материал келіп түсті. Алматы облысы әділет департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты. Қазіргі кезде тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралатын болады.

Ал Алматы облыстық әділет департаментінің басшысы Мейрамбек Қаныбековпен тілдесу мүмкін болмады. Ол даулы істің жай-жапсарын түсіндіріп беруідің орнына кабинетіне тығылып шықпай қойды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз