Бұл қыруар қаржыға отандық және шетелдік әншілердің концерті, спектакльдер мен көрмелер ұйымдастырылады.
Өнерпаздардың жол шығыны, тамағы мен жатар орнына төленетін ақшаны да мемлекет өз мойнына алған деп хабарлады КТК телеарнасы.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Ақшаның 90 пайызы барлығы отандық ұжымдардың шығынына жұмсалады. Ал “Ла-Скала” болсын театр, музей яғни болсын, басқа музей болсын басқа да ұжымдарға демеушілер де көмектеседі.
Жалпы Мәдениет министрлігі 10-шы маусымнан қыркүйек айына дейін 3 мыңға тарта мерекелік ойын сауықтар әзірлеп қойған. Сонымен қатар, этно ауыл бой көтеріп, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады.