Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

ЕХРО бітпей жатып шу шықты (фото)

24 мың шаршы метр аумақты қамтыған ғимараттың бағасы 433 миллиард теңге деп көрсетіліп, бағаланыпты.

“Крыша” сайтының өкілдері EXPO-2017 көрмесіндегі павильонардың бірі сатылатыны жайлы хабарламаның скриншотына қатысты түсінік берді.

“EXPO павильонының сатылатыны жайлы хабарламаның әзіл екені көрініп тұр. Осы скриншотты алғашқы болып жариялаған паблик әлеуметтік желілерде танымал боламыз деп ойлаған шығар.

“Крыша” сайтында мұндай хабарлама болған жоқ.

Ол модератордан өтпес те еді. Меніңше, скриншоттан мұның фотошоп екені көрініп тұр”, – деп түсіндірді “Колёса”, “Крыша”, “Маркет” өнімдер жөніндегі директоры Дмитрий Ботанов.

Ол мұндай хабарламаны таратқандардың мақсаты не екенін білмейтінін айтты.

“Жалған хабарламаның дизайны біздің сайттағы хабарламалардан ерекшеленеді. Мысалы, интерфейсте кейбір элементтер болмауы мүмкін (“В избранное” немесе “Оставить заметку” сияқты сілтемелер) немесе бос қалып қалған жерлер”, – деді Дмитрий Ботанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз