Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
14
USD
519
+0.26
EUR
567
-1.37
RUB
6.05
+0.02

Еділ Жаңбыршин: Ішкі саясатқа сыртқы күштердің ықпалын шектеу қажет

Депутаттың пікірінше, геосаяси үстемдікке ұмтылатын мемлекеттер өз мүдделерін жүзеге асыру үшін түрлі тетіктерді қолданады. Солардың бірі – ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған сыртқы ұйымдардың қызметі. Бұл ұйымдар әсірефеминистік, ЛГБТ, эмо және басқа да субъмәдениеттік қозғалыстарды қаржыландырып, қоғам ішінде алауыздық тудыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) соңғы он жылда Қазақстанның ішкі саясатына әсер ету мақсатында 150 миллион доллардан астам қаржы бөлгені белгілі болды. Бұл қаражат көбінесе ішкі тұрақтылыққа кері әсер ететін ұйымдарды қолдауға бағытталған.

«Бізде шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын кейбір үкіметтік емес ұйымдар елдегі жағдайды тұрақсыз деп көрсетіп, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратады. Оларға Қазақстанның жақсарғаны емес, шайқалғаны пайдалы. Себебі олардың басты мақсаты – өздерінің «гуманитарлық бизнесін» қаржыландыру», – деді Еділ Жаңбыршин.

Депутат ұсынған шаралар

Депутат еліміздің ішкі саясатына сыртқы күштердің араласуын шектеу үшін Үкіметке нақты шаралар қабылдауды ұсынды:
 1. Қаржылық бақылауды күшейту
 • Қаржы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар сырттан келетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылап, еліміздің ішкі ісіне араласуға бағытталған қаржы ағындарын анықтап, тиісті шаралар қабылдауы тиіс.
 2. Құқықтық талдау жүргізу
 • Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметін реттейтін заңнаманы қайта қарау және оның тиімділігін бағалау қажет.
 3. Қатаң бақылау орнату
 • Шетелдік гранттар арқылы қаржыландырылатын жобалар мен ұйымдарды қадағалау механизмдерін жетілдіру керек.
 4. Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу
 • Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда алғаш рет ішкі саясат тұжырымдамасы дайындалады. Бұл құжат ұлттық құндылықтарға негізделіп, елдің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Депутаттың айтуынша, сырттан келетін инвестициялар ел экономикасын дамытуға, экология мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталса, оған ешқандай кедергі болмауы тиіс. Алайда, ұлттық мүддеге қайшы келетін, елдің ішкі тұрақтылығын шайқалтатын жобаларды қаржыландыратын ұйымдарға қатаң тосқауыл қойылуы қажет.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз