Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Дұрыс болған!”. Қуандық Бишімбаевтың даулы коттеджі ауыл әкімдігіне беріледі

157

Екі қабатты коттедж туралы Қуандық Бишімбаевтың ісінде айтылған болатын.

https://kaz.365info.kz/bylaryn-khalaj-prokurordyn-syragan-zhazasyn-estigen-bishimbaev-talyp-khala-zhazdady-video-303100

Ол Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан. Сот оны мемлекеттің есебіне тәркілеп, үй бір жылдан аса уақыттан бері бос тұр.

Әкімдіктегілердің айтуынша, тәркіленген үй олардың балансындағы ең қымбат нысан екен.

Прокурорлардың мәліметтері бойынша, үйдің бұрынғы иелері оны 60 миллион теңгеге тұрғызған. Аңшылық үшін тұрғызылған бұл үйде үш жатын бөлме, терраса, монша мен бассейн бар. Әкімдіктің шенеуніктері VIP-жекежайды қалай пайдалануға болатыны туралы ұсыныстардың тізімін жасап қойған.

https://kaz.365info.kz/onshen-bastykhtar-bishimbaevtyn-isi-bojynsha-figuranttar-kim-287366

“Қазіргі таңда біздің ауылдық округте мәдениет үйі, музыка мектебі, ойын-сауық орталықтары мәселесі өзекті болып тұр. Біз оны осындай мақсатқа қолдансақ қуанышты болар едік”, – деді Қосшы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Орақбай.

https://kaz.365info.kz/aldynyzda-ajyptymyn-bishimbaev-nazarbaevtan-keshirim-syrady-296892

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жер телімі Бишімбаевтың енесінің атына жазылған, үйді рәсімдеп үлгермеген – сот ісі басталып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз