Әлуметтік желіде сахнада арбаға таңылған досымен бірге ән шырқаған жігіт видосы пайда болды.
Бұл бейнежазбаны әнші Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында жариялаған.
Жас жігіттер Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдулиннің орындауындағы “Досым” әнін айтқан. Олардың бірі арбада отырса, екіншісі қасында қолдау көрсетіп тұрған.
«Жұмыстан тыс…». Баянның күйеубаласы Әуелбековамен болған ара-қатынасын жайып салды (видео)
“Кеуде бөлек жаны бір достар көп болсын. Алла жар болсын бауырларға, жүрекке жылылық ұялатады мына көрініс”, – деп жазған Әбіджаппар видео астына.
Бйнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары мүгедек жігітке зор денсаулық тілеп, адал достықтарының мәңгі болуын тілеген.