Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Досье” орталығы Ресей барлау қызметкері жайында жаңа мәліметтер жариялады

2000 жылдардың ортасында Бас барлау басқармасы 14- бригаданың майоры Анатолий Чепига Әскери-дипломатиялық академияның өкілі ретінде көзге түскен. “Бұл барлау басқармасы қызметкерлері үшін жыл сайын оқу орнына кандидаттар қабылдау, оларды тыңдау қалыпты тәжірибе” деп атап өтеді “Досье” орталығы. Анатолий Чепига жөнінде мінездеме: Ол Шешенстанда үш рет болған, марапат-сыйға ие, моральдық тұрғыдан жігерлі, қамқор әке.

“Досье” орталығы дәлелді деректері мен суреттері бар көлемді құжатты жариялаған. Онда тек Чепига жайында емес, барлау басқармасының өзге де қызметкерлері жайында айтылған. Бұл мақаланың авторы журналист Сергей Канев жеке өміріне қауіптеніп, жақында ғана Ресейден қашып кеткен.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде сәрсенбіде өткен энергетикалық форум кезінде Солсбериде Скрипальдарға жасалған қастандыққа байланысты санкциялар жөніндегі сұраққа жауап берді. Ол Ресей Бас барлау басқармасының бұрынғы қызметкері және британдық барлау агенті Сергей Скрипальді “отанын сатқан”, “азғын” деп атады. Оның сөздеріне залда отырған адамдар қол соқты.

Путиннің сөзінше, “жанжал тудырушы шпион” Скрипаль мен оның қызы Юлия айналасындағы оқиғаны “қолдан үрлеп жатыр”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз