Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Досай Кенжетай: “Қазақта ортақ ақыл түгілі, ортақ тіл де жоқ…”

379

Ал, былтыр қос бірдей теракт орын алғаннан кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестердің артында салафилер тұрғанын айтқаны сол екен, молдаңыз да, шенді-шекпендіңіз де, құқық қорғау органдарыңыз да салафизмге қарсы күресті жұмыла бастап кетті. Бұл әрине дұрыс, ештен кеш жақсы. Бастысы болашақ ұрпақты деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтау. Яғни, алдын алу.

Ал, республика аумағында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары қаншалықты нәтижесін береді? Алдын алу дегеніңіз салдарымен күресу емес, себебін анықтап, түп-тамырымен жою дегенді білдірмейді ме? Осы ретте елге танымал теолог-ғалым Досай Кенжетайдың пікірімен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

Маман салафизм идеяологиясының қандай елдерде кең таралып, тез тамыр жаятынын айтып берді.

«Салафилік әбден тозығы жеткен, әділеттен жұрдай, коррупция жайлаған, әлеуметтік теңсіздігі бір топтардың қолына қараған, құқық, ар, иманнан, салты мен дәстүрінен ажыраған, өткен тарихы мен ділінен, тілі мен жүйеден жұрдай елде тез тарайды…

Бірақ есте болсын, салафилік идеология да ондай елді ретке келтіре алмайды. Олардыкі иллюзия ғана. Себебі ақыл болмаған жерде әсіресе, мемлекетте салафилік тек революцияға ғана жарайды. Арты қайырлы болмайды.

Бүгінгі барыңнан айрылып қалуың ықтимал. Сондықтан дамудың идеологияның ең тиімді жолы өз тарихыңда, өз діни тәжірибеңде, жатыр. Оны аршу үшін де “ортақ ақыл” қажет!

Әзірше, қазақта “ортақ ақыл” түгіл “ортақ тіл” де жоқ…»,

– дейді теолог Досай Кенжетай.

Айта кетейік, салафизм ағымына тыйым салу мәселесін еліміздің қоғам қайраткерлері, дін мамандары былтырдан бері көтеріп келеді. Алайда, депутаттар бұл ұсынысты әлі күнге дейін талқылаған жоқ.

Дереккөзsn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз