Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне Талғат Ермегияевтің баласы қатысты (фото)

Қазыбек парадтағы суретімен өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіпті.

Қазақ тележүргізушісі Айгүл Мүкей де отандасын мақтан тұтатынын айтып, өзінің парақшасында пост жариялады.

“Кеше АҚШ президентінің инаугурациясында – салтанатты шеруге отбасының және отанының лайықты ұлы – Қазақстан Республикасының азаматы, Қазыбек Ермегияев қатысты. Шеруге сабағындағы, спорттағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін, үздік студент ретінде қатысқан жалғыз қазақ. Алған бетіңнен қайтпа, Қазыбек!

Қазыбек – АҚШ Әскери академиясының студенті. Ол нағыз қазақ жігіті, кавалерист ретінде, барлық уақытын аттың үстінде өткізеді”, — деп жазды тележүргізуші.

Қазыбек Ермегияев әскери академияға 3 жыл бұрын грант бойынша түскен. Кейіннен ол 15 адамнан ғана тұратын Color Guard элиталы кадеттер тобының құрамына енген. Академиядағы жетістігі мен спорттағы атақтарының арқасында ол 120 жылдық тарихы бар Black Horse Troop элиталы кавалериялық отрядына алынған.

Айта кетелік, АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың инаугурациясының салтанатты рәсімі Вашингтонда жұма күні өтті. Оны өз көзімен көру үшін америкалық елорданың орталық саябағы – Ұлттық аллеясына әртүрлі бағалаулар бойынша 900 мыңнан 1 миллионға дейін адам келген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз