Азия елдеріне ат басын бұрған АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшылығын бір үстел басында отырып, келіссөз жүргізуге шақырды.
Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.
Ақ үй басшысы мұндай мәлімдемені Оңтүстік Кореяда өткізген баспасөз конференциясында айтты. Президент бітімге келудің тек Пхеньян үшін емес, жалпы адамзат атаулыға маңызды екенін атап өтті.
“Мен жер бетінде ядролық қару қолданылмаса екен деп тілеумен келемін және одан үмітім зор. Адамзат баласының болашағы үшін Солтүстік Кореямен бейбіт мәмілеге келуіміз керек. Әрі бұл тұрғыда жағымды үдерістер болады деп сенемін”, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.