Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Долларыңа тиіспе!”. Мамандар спекулянттардың бағаны әдейі ойнатып жатқанын айтты

Өткен аптада ұлттық валюта 7,5 теңгеге дейін құнсызданып, доллардың бағасы тиындап артып еді. Бірақ 1 АҚШ доллары аптаның аяғы, жұмаға қарай 330 теңгеге жуықтаған жерінен қайтадан 326 теңгеге төмендеп еді. Осыған қарағанда доллардың қайтадан арзандауы мүмкін секілді көрінеді. Бірақ мамандар мұны қысқамерзімді уақытша құбылысқа балайды.

Дамир Сейсебаев, Private Asset Management инвестициялық компаниясының Сараптама департаментінің директоры :

– Мұнай өндірісі көлемі қысқарғанына қарамастан қазір халықаралық нарықта қара алтынның бағасы құлағанның үстіне құлап жатыр. Бұл – алаңдаушылық туғызатын үлкен мәселе.

Америкалық валюта мен мұнай арасындағы бағамның бір-біріне деген тәуелділігі соңғы 30 күнде күшейіп кетті.

Қазір инвесторлар тек мұнай бағасына қарап, есеп жүргізуде. Әрине, АҚШ доллары қымбаттай береді.

Дархан Лұқпанов, „Цесна Капитал„ компаниясының сарапшысы:

– Меніңше, америкалық валюта бағамындағы құбылмалы құбылыс бірнеше ай бойына сақталады. Егер Brend маркасындағы мұнайдың бір баррелі 40 доллардан сатыла бастайтын болса, онда бізде 1 АҚШ доллары 330-340 теңге аралығында бағаланатын болады деп ойлаймын.

Ал мұнай бағасы 46-48 доллар аралығына тұрақтаса, онда америкалық валюта құны 320 теңге маңына тұрақтайды. Ал

320 теңгеден ары қарай арзандауды, меніңше, армандамайақ қойсаңыздар болады.

 

Әнуар Байкенов, Қазкоммерц Секьюритиз компаниясының Активтерді басқару департаментінің бастығы:

– … Меніңше, жақын күндері мұнайдың бір баррелінің құны 42-43 долларға құлайды.

Ондайда 1 АҚШ доллары 62 рубль тұрады. Осы жағынан алғанда, 1 АҚШ доллларының теңгеге шаққандағы құны 330-335 теңге аралығын қамтып қалады.

Әрине, доллар 320 теңгеге дейін арзандап кетуі де мүмкін, бірақ одан әріге бармайды деп ойлаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз