Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Доллар тағы қымбаттайды”. Жаңа санкция Путиннің жанын шығарып жатыр

Мәселен, санкция салдарынан басты зардап шегуші „Русала„ компаниясын алалық. Бір күнде бұл компанияның қожайыны Олег Дерипасканың табысы үш есеге кеміген. Ал компания жарты құнын жоғалтқан. Үкімет бұл компания жұмысын тоқтатуға мүдделі емес те. Өйткені аллюминий шығарушы компания зауыттары моноқалашықтарда орналасқан.

Сондықтан үкімет оған ақша тауып береді, бірақ бұған қарапайым ресейліктер қуанып отырған жоқ. Себебі бұл қымбатшылық пен салықтың өсуіне әкеліп соғатынын олар жақсы біліп отыр.

Русаладан бөлек зардап шегушілер қатарында „Сбербанк„ ВТБ және Аэрофлот та бар. Мәселен, Сбербанктің акциялары бір күнде 15 процентке құнсызданған.

Ресейлік мамандар бұл жайттың соңы қалай болады деп болжап жатыр дейсіздер ме?.. Жақсы түгі де жоқ. Демек, құнсызданған теңгеміз әлі құнсыздана береді.

Санкция деген гүл ғой, қорқынышты нәрсе әлі алда…

Александр Лосев, «Спутник — капталдары басқару»:басқарма компаниясының бас директоры:

— Рубльге қатысты қазір бір-ақ нәрсе белгісіз боп тұр. Ақша нарығында батыстың спекулятивтік қағазы көп жүр. Федеральды заем облигацияларының үштен бірі шетелдіктерге тиесілі. Енді ана санкцияға қатысты жағдайдан соң бәрі сыртқа ағыла бастайды. Бірақ кететін тамақ „жіңішке„ ғой. Бәрі бірден сыймайды.

https://kaz.365info.kz/putin-barinen-ajyrylady-sayasattanushy-resejdi-ne-kytip-tyrganyn-ajtty-301699

…Қазір қорқыныштысы санкция емес, сыртқы монетарлық факторлар.

Қаржы нарығындағы дүрбелең керек болды оларға. Оған қол жеткізді. Ендігі кезек АҚШ-тың федеральдық резерв жүйесі жасайды. Ол қандай қадамға барады? Егер олар рубль мен доллар арасындағы табысты төмен қылатындай етіп ставканы көтерсе, бәрі бітті дей беріңіз.

Онда инфляцияны ешкім ауыздықтай алмайды. 27-сәуірдегі отырыста Орталық банк рубльді маусым айына дейін қолдан қолдау туралы шешім шығарса, онда экономикамыз минусқа кетті дей беріңіздер.

Рубльдің қолдан қолдауға мәжбүр болсақ, халық қиналады

Тимур Ниғматуллин, «Открытие Брокер» сарапшысы:

— «Русаланы» омақаса құлатқан — америкалық нарықтардың оған есігін тарс жабуы. Компания шикізаты экспортының 20-30 проценті осы АҚШ-қа тиесілі. Әрине, олардың орнына басқа сатып алушыны іздеу керек. Бірақ санкцияға ілінген компаниямен қандай инвестор жұмыс істегісі келеді дейсіз? Әрине, әлеуметтік тұрақсыздық орын алады. Өйткені компания зауыттары моноқалашықтарда орналасқан ғой. Меніңше, Русаланы өкімет өлсе де өз меншігіне алмайды. Оның орнына айналымдағы ақшасын толықтыру үшін жеңілдікпен несие ұсынады. Мұндайда компания мен банк пен үкіметтің талаптарына жалтақтап, еркін қимылдай алмай қалады. Бір анығы, ол табысы жоқ зиянды компанияға айналады.

https://kaz.365info.kz/astan-kesteni-shygady-sayasatker-putinnin-takhtan-tayuyna-khansha-kyn-khalganyn-ajtty-279584

Еуропалық одақ әзірге үнсіз отыр. Осы ғана оны құтқарып тұр. Бірақ санкция әлі өз күшіне енген жоқ. Салдары мынандай. Ал санкция шындап қысса не болады? Жағдайымыз мәз емес. Әзірге ресейлік компаниялар техникалық дефольтта.

Сонымен Forbes келтірген дерекке сүйенсек,

9-сәуірдегі қор биржасындағы жағдайдан соң Потанин 1,5 млрд долларын, Дерипаска 1,3 млрд, ал Керимов — 1,1 млрд долларын жоғалтқан.

https://kaz.365info.kz/aza-stan-a-kirip-al-an-resej-bankteri-bizdi-elge-shy-yn-kelmek-ekonomist-224404

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз