Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Доллар 450-ге дейін баруы мүмкін, бірақ бағамды ұстап тұруға болады

248

Ақша көп болса баға соғұрлым жоғары бола ма?

Экономист Әсет Наурызбаев көп ұзамай нарыққа теңгенің көп мөлшері бөлінетінін еске салды. Бұл мемлекет жариялаған түрлі әлеуметтік жәрдемақылар. Бәлкім, осыдан әртүрлі теріс сценарийлер өрбуі мүмкін.

Пессимистер “көп ақша — жоғары баға” деген болжамдардан сескенеді

Және бұл үрейге негізі бар.

— Бұл массаның нарыққа шығатын каналы “инфляциялық-қауіпті”. Иә, қазірдің өзінде тежеуші факторлар бар — мысалы, халықтың банктер алдындағы берешегі көп. Бұл “жаңа ақшаның” қомақты бөлігі кредиттерді өтеуге жұмсалуы мүмкін. Бірақ қауіп әлі де қалады, – деп есептейді сарапшы.

Сонымен, кредиттерден басқа, жаңа ақша неге жұмсалады? Ең тиімсіз нұсқа —импорттық тауарларға сұраныстың артуы. Пессимистер дәл осылай болжайды:

импортқа сұраныс өседі, жергілікті делдал-сатушылар жеткізуді арттырып, көп валюта сата бастайды,

бұл теңге бағамына күш түсіретіні анық.

Бұл жағдайда не істеу керек?

— Бізде тұрып қалған ішкі қуаттар бар. Және

қазір негізгі мақсат — сұранысты отандық өндірушілерге қарай бұру

Бұл билік тарапынан күш-жігерді талап етеді. Мысалы, олар үшін жеңілдіктер мен преференциялар бағдарламасын іске қосу. Импорттаушылармен бәсекелесе алу үшін “айналымға” несие беру. Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, барлық құралдар ойлап табылған, – деді Наурызбаев.

Жылан жібері, жылан аулаушыларды дайындаңыз

— Үкімет дайындалып үлгеріп, инфляцияны монетарлық емес, тауарлық әдістермен жапса дұрыс болар еді. Жаңа өтімділік импорттаушыларға кетуіне жол бермеу керек. Бұл Ұлттық банк пен үкіметтің басты “қозғалысы” болуы тиіс, — деді ол.

Наурызбаев бір ұқсастықты айтып өтті. Бір кездері астында жылан ұясы болған сарайды көтереді. Жыландар айналаға таралып, тұрғындардың мазасын алады.

— Егер сіз бір-екі триллионды (бірден емес) экономикаға салсаңыз, сіз осы “жыланды” аулауға дайын болуыңыз керек. Яғни, айналада аулаушылар дайын болуы тиіс. Біздің жағдайда қуаттылығы бар тауар өндірушілер, — дейді сарапшы.

Егер осыны жүзеге асырса бұл ел үшін үлкен жетістік болады.

Егер олай болмаса, инфляцияның лебі еседі, ал импорттың өсуі теңге бағамына қысым жасайды

— Жалпы, Ұлттық банкте бұл қысымды жасанды жоюға резервтер бар. Бірақ бұл нашар шара. Біз енді-енді теңгенің нарықтық бағамы қалыптасуына қол жеткіздік және интервенцияға оралу дұрыс емес. Ол болмаса нарықта не болып жатқанын жақсы түсінетін боламыз, — деді Наурызбаев.

Бағам қаншалықты түседі? Экономист болжам жасауға батпады. Нарық қаншалықты мүмкіндік берсе, соншалықты түседі. Оған қоса, алыпсатарлардың пайдаға кенеліп қалу әрекеті де бар.

Осылайша,

қауіп шынымен бар, бірақ оның алдын алуға әбден болады

Бірақ ешқандай шара қолданбаса міндетті түрде инфляция және доллар бағамының өсуі болады. Пессимистердің айтатын жөні бар. Ол туралы, экономистің пікірінше, көп әрі нақты айту қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз